12:57, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Қазалы ауданында таза ауызсумен қамтамасыз етуге назар аударылып отыр
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/- Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету бағытында нақты жұмыстар қолға алынған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш жобаның І-ІІ кезеңіне енбеген көшелер мен жаңадан ашылған тұрғын үй орамдарын ауызсумен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 42 млн. 934 мың теңге бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда. Сондай-ақ Ғ.Мұратбаев және Шилі елді мекендерінің ауызсу жүйесін күрделі жөндеуге 50 мың теңгеден астам қаржы қаралған.