14:12, 11 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қазалы ауданындағы «Рза» акционерлік қоғамы Венгриядан 660 бас асыл тұқымды сиыр әкелді - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы «Рза» акционерлік қоғамы Венгриядан 660 бас голштино-фриз деп аталатын асыл тұқымды сиыр әкелді.
Шаруашылық негізінен жер жұмыстарымен айналысатын құрылым болатын. Соңғы жылдары қоғам осы негізгі жұмысына қоса мал шаруашылығына да бет бұрды. Соның арқасында мұнда аудандарда көп жылдардан бері жоғалып кеткен тауарлы сүт фермасының негізін қалау бағытында да жұмыстар жүре бастады. Осыдан үш жыл бұрын фермаға керекті баспаналарды түгел тұрғызып алған қоғам енді асыл тұқымды мал алуға кірісті.