Қазалыда алғаш рет тепловоздың электр қозғалтқыштарын жөндеуді қолға алды

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі «Қамқор-Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алғаш рет тепловоздың электр қозғалтқыштарын жөндеуді қолға алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Серіктестікте 19 цех тұрақты жұмыс істейді. Мұнда электр машиналарының орамдары қайта оралып, доңғалақ жұптары мен автоматты тежегіштер жөнделеді. Бұл мақсат үшін 8,5 млн. теңгеге жаңа қондырғылар алынды. Аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Әлмағанбетов басшылық жасайтын ұжымда еңбек өнімділігі мен техника қауіпсіздігі басты назарға алынған.

Соңғы жаңалықтар