08:50, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
Қазалыда құны 151 млн. теңге тұратын асфальт зауыты салынуда - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда «Қазалы-Құрылыс» ЖШС құны 151 млн. теңгені құрайтын асфальт зауытын салу үстінде. Ауысымына 800-1000 тонна өнім шығаратын зауыт соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған.

Қытайдан 57 млн. теңгенің құрал-жабдықтары әкелінді. Нақты кезеңде зауытты құрастыру процесі жүргізілуде. Зауытқа асфальт төсегіш, грейдер, басқа да арнайы техникалар алу мақсатымен несиелендіруге құжаттар жолданды. Несие көлемі 87,995 мың теңгеге есептелген. Зауыт жыл аяғында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.