Қазалыда құны 2,2 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба ұсынылды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысының Қазалы ауданында экономиканы әртараптандыруға арналған Қа­зақстанның жеделдетілген индустриялық-иннова­циялық даму бағдарламасы бойынша ау­қымды жобалар іске асырылуда. Осыған орай аймақтың индустрияландыру картасына ауданнан жалпы құны 2,2 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба ұсынылды.
None
None

Аталмыш жобалар 2010-2011 жыл­дар аралығында жүзеге асырыл­мақшы. Онда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автокөлік жол­дарын жөндеу, қызмет көрсету аясын кеңейту, құ­рылысқа қажетті өнімдер дайындау мақсаты көз­делген. Осы жобалар толық жүзеге асқан кезеңде барлығы 340 адам тұрақты еңбекпен қамтылады.

Ауданда егін және мал өсірумен айналысатын «Сыр маржаны» ЖШС тәулігіне 3-4 тонна құрама жем өндіретін зауыт құрылысын салуда. Серіктес­тік базасында Голландияда жасалған «WYNVEEN» маркалы қондырғыны орнатуға әзірлік жүргізі­луде. Жабдықты алу үшін 30 млн. теңге көлемін­дегі несиеге құжат дайындалуда. Зауыт іске қосылғанда жаңадан 25 жұмыс орны ашылады.

Ал «Қазалы-Құрылыс» ЖШС құны 151 млн. теңгені құрайтын асфальт зауытын салу үстінде. Ауысымына 800-1000 тонна өнім шығаратын зауыт соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған. Қытайдан 57 млн. теңгенің құрал-жабдықтары әкелінді. Нақты кезеңде зауытты құрастыру процесі жүргізілуде. Зауытқа асфальт төсегіш, грейдер, басқа да арнайы техникалар алу мақсаты­мен несиелендіруге құжаттар жолданды. Несие көлемі 87,995 мың теңгеге есептелген. Зауыт жыл аяғында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

«РЗА» АҚ жалпы құны 1,6 млрд. теңге бола­тын тауарлы сүт фермасының кешенді құрылысын жүргізуде. 1000 бас сауын сиырға және төлін қос­қанда 3000 басқа арналған кешен респуб­лика­лық маңызды серпінді жобалардың қатарына жа­тады. Мұндағы құрылыс-монтаж жұмыстары сәуір айында басталды. Жобаның бірінші кезеңі қа­рашада іске қосылмақшы. «РЗА» АҚ прези­денті, облыстық мәслихат депутаты Самұрат Имандосовтың мәлімдеуінше, жобаның алғашқы кезеңіне «Қазагроқаржы» АҚ арқылы 1 млрд. 694 млн. теңгеден астам қайтарымды несие ал­ыныпты. Сонымен бірге биыл шетелден 660 бас асыл тұқымды қашар әкелу жоспарланған. Оған қажетті құрал-жабдықтар да өзге мемле­кет­тер­ден жеткізіледі. Сонымен қатар сыйымдылығы 17,5 мың тоннаға арналған сүрлем, пішендеме тран­шеясы, 14 мың текше метрлік органикалық тыңайт­қыш­тарды дайындайтын орын қарасты­рылған. Бүгінгі таңда сүрлем, пішіндеме қамбасы дайын тұр. Кешен іске қосылғанда тәулігіне 30-35 мың литр сүт өндіріледі.

Аудандық мәслихат депутаты Өмірзақ Түктібай басқаратын «Асыл - Ғани» серіктестігінің игілікті істері көпке мәлім. Жылына 3 млн. дана кірпіш дайындайтын серіктестікте 70 адам еңбек етеді. Бұл ұжым келешекте кірпіш шығаруды 5 млн. данаға жеткізуді ойластыруда. Сапасы жоғары зауыт өнімдері көршілес аудандарға, Байқоңыр қаласына жіберіледі. Мұнда керамикалық кірпіш, темір-пластикалық есік-терезе де дайындалады. Алдағы уақытта құны 35 млн. теңге тұратын «Рифей-Универсал» құрылғысы мен бірқатар жабдықтар сатып алынбақшы. Бұл тұрғыда бизнес-жоба құжаттары рәсімделуде.

Соңғы жаңалықтар