18:53, 23 Қараша 2014 | GMT +5
Қазалыда Тәуелсіздік күнінде 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болып, тұрғын үй құрылысымен танысты, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ауданда 18 пәтерлі тұрғын үй апатты жағдайда тұрған баспананың орнына салынды. Енді тұрғындар Тәуелсіздік күнімен қатар қоныс тойын тойлайтын болды.
Бұл нысан облыстық бюджеттен қаржыландырылып отыр. Қазір құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. Бұған қоса, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында 12 пәтерлі үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.