Қазалылық оқушы қыз Қазақ-Британ университетінің грантын жеңіп алды

ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентіндегі №226 гимназияның 11 сынып оқушысы Ұлжан Маратқызы "ХХІ ғасыр көшбасшысы" интеллектуалдық ойынының бас жүлдесімен оралды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыс тарихында тұңғыш рет мұндай жетістікке қол жеткізген дарынды шәкірт жүлдеге тігілген 300 мың теңгеге қол жеткізді. Оған қоса ол еліміздегі беделді оқу орындарының бірі Қазақ-Британ университетінің грантын олжалады. Ұлжанның сынып жетекшісі Хадиша Орынбасарова бұған дейін республикалық "Жыл мұғалімі" байқауында бас жүлдені иеленген еді.
Соңғы жаңалықтар