Қазанда Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылды

ЯЛТА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Өткен жұма күні Қазанда ҚР Бас консулдығының ресми ашылуы өтті.
None
None

Салтанатты рәсімге Ресейдегі Қазақстанның елшісі Ғалым Оразбақов, Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Ғ. Оразбақов өз сөзінде Қазақстан мен Ресейдің, тіпті екі елдің аймақаралық қатынастары қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті. Татарстанмен арадағы ынтымақтастықта делегациялар мен әртүрлі облыстардың белсенді тәжірибе алмасуы байқалады.

Елші Татарстан Республикасы мен Қазан мэрі Ильсур Метшинге Қазақстанның Бас консулдығына Қазанның қақ ортасынан орын бергендері үшін ризашылық білдірді.

Сонымен қатар, дипломатиялық өкілдік басшысы Қазандағы Қазақстанның Бас консулы Асхат Нұсқабаймен таныстырды.

Өз кезегінде Р.Минниханов Қазақстан мен Татарстан мәдениеті мен тілі жағынан бауырлас халық екенін тағы бір еске салды. «2012 жылдан бастап біз Бірыңғай экономикалық кеңістіктеміз. Сондықтан бар күшімізді екі ел мен экономиканың жақындасуына жұмсауымыз керек», - деді Татарстан басшысы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум