12:10, 06 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қазанның 31-і күні Алматы облысында аудан депутаттарының сайлауы өтеді
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - 2010 жылғы қазанның 31-і күні Алматы облысында жұмысынан кеткен аудан мәслихаты депутаттарының сайлауы болады, деп хабарлады облыстық мәслихатта.
Облыстық сайлау комитетінің төрағасы Ш.Жылқайдаровтың айтуынша, жұмысынан кеткен аудандық мәслихат депутаттарының орнына үміткерлердің ұсынылуы сайлау күнінен екі ай бұрын басталып, бір ай қалғанда аяқталады, яғни 2010 жылғы тамыздың 31-і күні басталған науқан қазанның 1-і күні аяқталады.
Мәслихат депутаттарының үміткерлерін тізімдеу сайлау күнінен екі ай бұрын басталып, жиырма бес күн қалғанда аяқталады (2010 жылғы тамыздың 31-і күні басталып, қазанның 6-сы күні аяқталады).