17:42, 19 Маусым 2023 | GMT +5
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы директорлар кеңесінің құрамы өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпара - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК«АҚ директорлар кеңесінің құрамында өзгерту болғанын болғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Марк Кэшердің 19 маусымнан бастап директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры қызметінен кету туралы шешімі жайлы өтінішін қабылдады.
«Мен Марк Кэшерге Қазатомөнеркәсіптің әлемдік уран нарығындағы табысына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтқым келеді. Оның тәжірибесі баға жетпес болды, мен оған әрі қарайғы жұмыста сәттілік тілеймін», – деді Қазатомөнеркәсіптің директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфэллоу.