«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының дәстүрлі спартакиадасы басталды

АЛМАТЫ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыда «Қазатомөнеркәсіп ҰАӨ» АҚ-ның жыл сайынғы дәстүрлі Х спартакиадасы басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айтулы доданың мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыруға және компанияның корпоративтік ауызбірлігін арттыруға бағытталған. Сайыс Алмалы аудандық әкімдігінің қолдауымен өткізілуде.

«Спорттық шараларға қатысу арқылы біздің жұмысшылар салауатты өмір салтын ұстанып жүргендіктерін дәлелдейді. Бұл біздің қызметіміздің жоғары деңгейге жетуіне үлкен үлес қосады. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша, компаниямыз былтырғы жылға қарағанда жоспарды 40 %-ға артық орындады. Өндірістің ауыр саласында қызмет ететіндіктен, біздің жұмысымыздың басты ұстанымы - салауатты өмір салты», деді «Қазатомөнеркәсіп ҰАҚ» АҚ-ның басшысы Владимир Школьник.

Дәстүрлі додаға 26 мың мүшесі бар компанияның құрылымдық бөлімшелері, еншілес кәсіпорындары мен аймақтардағы бөлім қызметкерлері келген. Сайысқа жалпы саны 700 адамнан құралған 23 команда қатысуда.

«Елбасымыз компанияны өндірістік көрсеткіштер мен жоғары технологиялар бойынша елімізде ғана емес, әлемде жетекші орынға шығаруға тапсырма берді. Сонымен бірге, корпоративтік екпін мен салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік жауапкершілікте де лидер болуды тапсырды. Біз осы тапсырмаларды орындаудамыз», дейді "Қазатомөнеркәсіп" басшысы.

Спартакиадаға қатысушылар спорттың 6 түрінен: мини-футбол, волейбол, стол теннисі, бадминтон, шахмат және жеңіл атлетикадан сайысатын болады. Шара 5 күн бойы жалғасады.

Соңғы жаңалықтар