«Қазатомөнеркәсіп» Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада күн электр стансаларын салуда

Бұл туралы бүгін елімізге ресми сапармен келген Нидерланды Корольдігінің Экономиклық істер министрі Хенк Камппен кездесуден кейін ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.
Оның атап өтуінше, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде соңғы 2,5-3 жылдың көлемінде күн панелдерін жасау бойынша технологиялық өнеркәсіптің барлық циклі қалыптасты.
«Ал, қазіргі уақытта біз күн сәулесін электр энергиясына айналдыру технологияларын дайындау мен жетілдіруде әлемдегі үздік Голландияның ECN компаниясымен тығыз жұмыс істеудеміз. Біздер Таяу Шығыс елдерінде, оның ішінде Катарда бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз. Бүгінде қуаты 10 Гвт-ты құрайтын күн панелдерін жасау жөніндегі байыпты жобаны қолға алын отырмыз», - деді ол.
В.Школьниктің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта құрамында американдық, голландиялық және «Қазатомөнеркәсіп» мамандарынан құрылған топ жасақталған.
«Қазіргі уақытта біздер Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста қуаты 10 Гвт электр энергиясынан асып түсетін бірнеше күн электр стансаларын салу жұмыстарымен айналысып жатырмыз», - деп қосты ҚР Энергетика министрі.