«Қазавтодор» Шығыс Қазақстан облысында баспасөз орталығын ашты

ӨСКЕМЕН. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысындағы жолдардағы жағдай жөнінде халықты хабардар етіп отыру үшін «Қазавтожол» РМК Өскеменде баспасөз орталығын ашты.
None
None

Бұл туралы Өскеменде өткен баспасөз мәслихатында «Қазавтожол» РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры Серік Ақтанов пен ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті департаментінің бастығы Сайранбек Бармақов айтты. Осы басқосуда журналистерге жаңа баспасөз орталығы таныстырылды.

Биылғы қыс өте қатты болды, ауа райына байланысты республикалық және жергілікті жолдарды әлсін-әлі жабуға тура келді. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының ескертулеріне қарамастан, адамдар алыс сапарларға шығып, өздерін, жол қызметтері мен құтқарушыларды әбігерге түсірген жағдайлар аз болмады. Қыстың боранды, мол қарлы болуына байланысты аймақ жолшыларына Алматы, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облысындағы әріптестері көмекке келді.

Жалпы алғанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша республикалық жолдарда 145 су басу қаупі бар учаскелер есепке алынды.

Соңғы жаңалықтар