«KAZENERGY» мен Атырау облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АТЫРАУ. 10 қараша. ҚазАқпарат - «KAZENERGY» қауымдастығы мен Атырау облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
None
None

Құжатта көрсетілгендей, келісімнің мақсаты - қауымдастық пен облыстың жергілікті атқарушы билігінің күш-жігерін біріктіру арқылы ҚР-ның мұнайгаз саласының одан арғы тұрақты дамуын қамтамасыз ету;  тау-кен пайдаланушылар қызметінің, сондай-ақ сервистік және инфрақұрылымдық жобалардың одан арғы тұрақты дамуын қамтамасыз ету; мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық көмек; өнім сапасы мен технологиялық үрдістерге халықаралық стандарттарды енгізу.

«KAZENERGY» қауымдастығының атынан меморандумға ұйымның төрағасы Тимур Құлыбаев, облыстың атынан өңір басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов қол қойды.

Соңғы жаңалықтар