«Қазғарыш» басшылығы мен Франция Елшілігі өкілдері кездесті

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың Француз Республикасының Қазақстандағы Елшісі Жан Шарль Бэртонмен және Елшіліктің Әскери атташесі Жан-Марк Бабюмен екіжақты кездесуі өтті,
None
None

деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметінен.

Кездесуде «Қазақстан Ғарыш Сапары» акционерлік қоғамы мен «EADS Astrium» компаниясының арасындағы келісімшарттың аясында Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін (КС ДЗЗ) және Ғарыш аппаратын құрастыру-сынақтан өткізу кешенін құру жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Тараптар, біздің елімізде жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды ғарыш өндірісін құру туралы екі үкіметаралық келісімге қол қоя отырып, Қазақстан мен Францияның стратегиялық серіктес атанып отырғанына қанағаттанарлық сезім білдірді.

Қазақстан да, Франция да ғарыш саласын дамытудағы өзара іс-қимылдарға үлкен маңыз беруде. Бұл, Қазақстан үшін, ең алдымен, қазіргі заманғы ғарыш технологияларына шығумен мазмұндалса, Франция үшін бұл - Орталық Азияның жетекші елімен тығыз ынтымақтасудың мүмкіндігі болып табылады.

Екі ел серіктестігінің ағымдағы міндеті - қол қойылған Келісімдер мен келісімшарттың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Тараптар «Қазғарыш» пен Франция Елшілігінің қызметкерлері

Соңғы жаңалықтар