Қазғарыш басшысы EADS Astrium француз компаниясының президентімен кездесті

ПАРИЖ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ – ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі делегациясының Францияға жасаған жұмыс сапары аясында Қазғарыштың басшысы Талғат Мұсабаев EADS Astrium компаниясының президенті Франсуа Окпен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кездесуді аша отырып, EADS Astrium президенті Ок Еуропадағы ірі ғарыштық компанияның атынан Қазақстан Республикасының аса ірі ғарыштық жобаларын іске асыруда стратегиялық әріптес ретінде оларға білдірген сенімі үшін Қазақстанның Үкіметіне, Қазғарышқа алғысын білдірді.Талғат Мұсабаев пен Франсуа Ок бүгінгі күні бірлескен жұмыс екі бағытта басталғанын атады: қазақстандық және француздық мамандардың техникалық және өндірістік әзірленімдерімен қатарласа, мемлекеттік органдар үкіметаралық келісімді даярлауда. «Біз үшін бұл ғарыштық саладағы Қазақстан мен Франция ынтымақтастығының «периметрін» айқындайтын, үлкен мәні бар құжат, өйткені ғарыштық технологияларды беру мәселелері Француз үкіметінің құзырында қалып отыр», ? деп атады EADS Astrium компаниясының президенті.Қазғарыш басшысы «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ мен EADS Astrium компаниясының ынтымақтастық қарқынын сақтау қажеттігіне назар аударды.
Соңғы жаңалықтар