Қазғарыш делегациясы Куру ғарыш айлағында жұмыс сапарында жүр
Қазақстандық делегация сапарының басты міндеті - Куру ғарыш айлағынан KazEOSat-1 Жерді қашықтан зондтау тұңғыш қазақстандық спутнигінің ұшырылуына қатысу болып табылады.
Қазғарыш төрағасы Талғат Мұсабаевтың, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожиннің Arianespace атқарушы директоры Стефан Израелмен және Airbas Defence and Space ғарыштық жүйелер бойынша вице-президенті Франсуа Окпен алғашқы кездесуі Гвианаға ұшар алдында Париж әуежайында болды.
Arianespace және Airbus Defence and Space басшылары қазақстандық ЖҚЗ спутнигінің ұшыру алдындағы даярлығы кесте бойынша жүріп жатқанын қуаттады. KazEOSat-1 спутнигімен «Вега» зымыран-тасығышын Куру ғарыш айлағынан ұшыру 29 сәуірге, Астана уақытымен 07 сағат 35 минутқа белгіленген.
KazEOSat -1 артықшылығын айта келіп, Франсуа Ок ғарыш аппаратының bus Defence and Space-ның үздік технологияларымен жарақтанғанын айтты, оған жаңа авиа-электроника, силикон карбиді, және басқа да заманауи құрылғылар орнатылған.
Қазғарыш делегациясының жұмыс бағдарламасында Гвиана ғарыш орталығында болу, Францияның CNES ғарыштық ведомствосының өкілдерімен, Arianespace, Airbus Defence and Space басшыларымен, Жерді зондтау, навигация жөніндегі француз мамандарымен кездесу көзделген.