Қазғарыш делегациясы жұмыс сапарымен Сауд Арабиясында жүр

ЭР-РИЯД. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев бастаған Ұлттық ғарыш агенттігінің делегациясы Сауд Арабиясында  жұмыс сапарымен жүр.
None
None

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы  елшілігінде болғаннан кейін Қазғарыш делегациясы   Сауд Арабиясының туризм істері жөніндегі Жоғарғы комиссиясының президенті ханзада Сұлтан бен Салман бен Абдел Азиз әл-Саудпен кездесті.

     Талғат Мұсабаев пен  Сұлтан бен Салман бен Абдел Азиз әл-Сауд  Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы  арасында ғарыш саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, әлемдік ғарыштық ұшырудың жай-күйі бойынша пікір алмасты.  

Соңғы жаңалықтар