Қазгидромет Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны орын алуы мүмкін екендігін ескертеді

СТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - Қазгидромет Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны орын алуы мүмкін екендігін ескертеді.
None
None

«Таяу үш күнде (сәуірдің 3-5-і аралығында) жауын-шашынның мол түсуіне, ауа температурасының жоғарылауына және қардың күрт еруіне орай Алматы облысының аласа таулы жерлеріндегі өзендерінде су тасқыны қаупі бар. Әсіресе Талдықорған өңірінің Тентек, Қаратал, Көксу, Лепсі, Ақсу және басқа да өзендерінде су тасқыны жүруі мүмкін», делінген синоптиктердің хабарламасында.

Сонымен қатар бүгін, сәуірдің 3-інде қатты жаңбыр жаууының салдарынан Оңтүстік Қазақстан облысының аласа таулы жерлеріндегі өзендерінде де су тасқыны орын алуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар