12:11, 07 Шілде 2013 | GMT +5
Қазгидромет: Қазақстанның оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталуда
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым аумағы ауқымды антициклонның әсерінде болады. Соның салдарынан ауа құрғақтанып, күн ыстық болады деп күтілуде,
деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Тек республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында атмосфералық ағындардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Екпінді жел соғып, күндіз шығыс өңірде бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел күші секундына 15 метрге дейін жетеді.
Атырау, Батыс Қазақстан аумағында, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады деп күтіледі.
Солтүстік батыс, оңтүстік, оңтүстік шығыс және орталық Қзақстанның кейбір жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.