Қазгидромет қазанның алғашқы жартысында ауа-райы жылы болады деп болжайды

ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанда қазанның алғашқы жартысында ауа-райы жылы болады, екінші жартысында суық түсіп, республиканың солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды "Новости-Казахстан" «Қазгидромет» гидрометеоорталығының директоры Баян Сазановаға сілтеме жасап.
None
None

«Қазан - ауыспалы ай, алғашқы жартысында жылы болса, екінші жартысында жауын-шашын болады деп күтілуде: Қазақстанның солтүстігінде қысқа мерзімді қар аралас жаңбыр жауады», - деді Сазанова сәрсенбі күні Астанада өткен Метеорологтардың конгресі шеңберiндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда «қоңыр күз» әлi жалғасады.

Соңғы жаңалықтар