Қазір 14 мыңнан аса студент дуальді бағдарлама бойынша білім алуда - Н.Алтаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Қазақстандағы колледжердің 14 мыңнан аса студенті дулаьді бағдарлама бойынша білім алып жатыр. Бұл туралы бүгін Еңбек күніне орай өткен ОҚК брифингісінің барысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Алтаев айтып берді.
None
None

«Былтыр «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы дуальді білім беру бағдарламасын енгізу жөнінде жол картасын әзірлеген болатын. Бүгінгі таңда осы бағдарламаға Қазақстанда 838 кәсіпорын қатысуда. Бұл кәсіпорындар, ең алдымен, колледжерге қажетті маман оқыту үшін тапсырыс береді, екінші жағынан, болашақ маман иелерін өндірістік тәжірибеден өткізу үшін өздері де атсалысады. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 14 мыңнан аса колледж студенті осы дуальді бағдарлама бойынша білім алуда. Кәсіпорын тарапынан тиісті келісімшарт пен тапсырыс бар болған соң, бұл түлектер жұмыссыз қалмайды», - дейді Н.Алтаев.

Палата төрағасының орынбасары айтқандай, кәсіпорындар колледжерге белгілі бір деңгейде басшылық жасайтын бағдарлама да бар. Яғни, кәсіпорын қажетті мамандықтар бойынша неше студент оқыту керегін айтып, колледжің жұмысына ішінара қатысып отырады деген сөз.

«Қазір кәсіпорын мен колледж арасындағы өзара байланыс бойынша 31 келісімшартқа қол қойылды. Кәсіпорындар жанынан мамандардың біліктілігін арттыратын 39 оқу орны да құрылған», - дейді Н.Алтаев.

Соңғы жаңалықтар