Қазір Оңтүстік Корея мен Қазақстанның қарым-қатынасы өте жоғары деңгейде - Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Елшісі

АЛМАТЫ. 19 қараша. ҚазАқпарат - Алдағы 2-3 жылда Оңтүстік Кореяның Қазақстанға тікелей инвестициясы 10 миллиард доллардан асады. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чухен бүгін Алматыдағы «LG Электроникс Алматы Қазақстан» компаниясы зауытында мәлім етті. Еске сала кетейік, зауыт жұмысымен танысуға ҚР Президенті Н.Назарбаев келген болатын.
None
None

«Қазір Оңтүстік Корея мен Қазақстанның қарым-қатынасы өте жоғары деңгейде.Өйткені мемлекет басшылары соңғы 5 жылда 6 рет сапарлар жасады. Әсіресе, биыл ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық саммитке қатысу үшін Оңтүстік Кореяға барса, қыркүйекте  Корея президенті Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге Балқаш ЖЭС құрылысының басталуына қатысты. Екі елдің арасындағы тауар айналымы 2011 жылы 1 миллиард доллардан асты. Ал Оңтүстік Кореяның Қазақстанға құятын тікелей инвестиция көлемі 3 миллиард доллардан астам болды», - дейді Пэк Чухен. Оның айтуынша, ағымдағы жылы тауар айналымының көлемі 2 миллиард долларға жуықтайды деп болжануда. Дегенмен бұл әлі де өте аз. Әлеует бұдан әлдеқайда зор.

Соңғы жаңалықтар