Қазіргі әлем жауапкершілік дағдарысын бастан кешіруде - А.Лукашенко

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Қазіргі әлем жауапкершілік дағдарысын бастан кешіруде. Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші мерейтойлық сессиясы аясындағы «Пост-2015» саммитінде сөз сөйлеген Беларусь президенті Александр Лукашенко осылай деді.
None
None

«Қазіргі әлем жауапкершілік дағдарысын бастан кешіруде. Өйткені, өзімшілдік мүдде мен қас-қағым сәттік пайда көптеген шешімдерді қабылдауда басшылыққа алынуда. Бірқатар мемлекеттердің халықаралық аренадағы іс-әрекеті шынайы ақиқатты және басқа елдер мен қоғамның ерекшеліктерін жиі ескере бермейді», - деді А.Лукашенко.

Беларусь басшысы өз сөзінде мұндай болмаған жағдайда Ирак, Ливия, Сирия және басқа да мемлекеттерде жүздеген мың адам құрбандыққа шалынбайтындығын әрі соғыстан қашқан босқындар легінің артпайтындығын, Ислам мемлекетінің пайда болуына жол берілмейтіндігін баса атап өтті.

«Бүгінгі таңда барша әлемдік қоғамдастықтың мүддесі үшін шешім қабылдауға дайын, жаһандық, стратегиялық іс-қимылға қабілетті, ортақ игілік үшін ымыраға бара алатын жауапты саясаткерлер керек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар