«Қазіргі француз киносы» фестивалінде 2 картинаны қазақстандық көрермендер ТМД аумағында бірінші болып тамашалайды

АЛМАТЫ. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Кино елдің беделін арттыратын негізгі құралдың бірі. Бұл туралы 18-21 сәуір күндері Алматыда өтетін IV «Қазіргі француз киносы» фестивалін ұйымдастырушылар бүгін өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтты.
None
None

«Франция мемлекеттік деңгейде өзінің кино нарығын қорғайтын әлемдегі жетекші ел. Онда кино мемлекет тарапынан заң және Үкімет арқылы қатаң реттеледі. Бұл ел ұлттық киноны дамытуды Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ қолға алған болатын. Бүгінгі таңда француз киносының бүкіл әлемге әйгілі болуына басты себеп - оның әр алуандығы», - дейді «UniFrance Films» кәсіпқой француз кинематографтары қауымдастығының Шығыс Еуропа бойынша директорының орынбасары Жоэль Шапрон. Оның айтуынша, биылғы бағдарламаға Давид Шаронның «Әзілдейтін кез емес» (2012ж.), Филип Лелуштың «Күтпеген тағдыршешті кездесу» (2013ж.) комедиялары мен Жак Одиярдың «Қайта жанған үміт оты» (2012 ж.), Жиль Бурдостың «Ренуар. Соңғы махаббат» (2013ж.) драмалары және Стефан Обье, Венсан Патар мен Бенжамен Реннердің «Эрнест пен Селестина: тышқан мен аюдың таңғажайып оқиғалары» (2012ж.) мультфильмі еніп отыр. Оның екеуі бұған дейін Ресейде көрсетілген туындылар. Дегенмен қалған екеуін ТМД елдері аумағында қазақстандықтар бірінші болып тамашаламақ. Авторлық туындылар саналатын «Қайта жанған үміт оты», «Күтпеген тағдыршешті кездесу» фильмдері мен «Эрнест пен Селестина: тышқан мен аюдың таңғажайып оқиғалары» мультфильмі былтыр Канн фестивалінде көрсетілген болатын. Франциядағы прокатта Стефан Обье, Венсан Патар мен Бенжамен Реннердің мультфильмі 900 мыңнан, ал Жак Одиярдың авторлық фильмі 1 миллионнан, Давид Шаронның коммерциялық фильмі 2 млн. астам көрермен жинады.

Соңғы жаңалықтар