Қазіргі таңда Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бөлшек сауда нарығында халыққа ең арзан ұнды біз ұсынып отырмыз - «КB-Agro Company» директоры

АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазіргі таңда Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бөлшек сауда нарығында халыққа ең арзан ұнды біз ұсынып отырмыз. «КB-Agro Company» ЖШС-нің директоры Бақтияр Серкеев бүгін Қапшағайдағы өз диірмендерін таныстыру рәсімінде осылай айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Нарықта 5 жылдан астам уақыттан бері жұмыс жасап келе жатқан бұл компанияның өндірісі экспортқа бағытталған. Бұған дейін олар өз өнімін Орталық Азия елдеріне саудалайтын. «Жетісу» ӘКК» ұлттық компаниясы» АҚ-ның ұсынысынан кейін ішкі нарыққа кіріп отырмыз. Бір айдан бері бірінші, екінші сортты ұнды 2, 3 киләлық қапшықпен шығара бастадық. Мақсат ? Алматы қаласы мен Алматы облысында бағаның тұрақтандыруға ықпал ету. Біздің өнімдеріміздің бағасы статистикалық орташа бағадан 30 пайызға дейін арзан. Біз бұл істен үлкен табыс табуды көздеп отырған жоқпыз. Оған әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде ғана қарап отырмыз. Біздің ұнның бағасы арзан, ал сапалық көрсеткіштері өзгелерден артық болмаса кем емес. Өйткені құрал-жабдықтарымыз әйгілі «Биллер» фирмасыныкі. Ұн өндіру құрал-жабдықтарында ол әлемдік нарықтың 50 пайыздан астамын иеленіп отыр», - дейді «КB-Agro Company» ЖШС-нің директоры Бақтияр Серкеев. Бақтияр Ақбергенұлының айтуынша, қазір олар өндірістік қуатының 50 пайызын ғана пайдалануда. Тәулігіне 550 тонна бидай өңдей алатын өндіріс орны жыл аяғына таман толық өз қуатымен жұмыс істей бастамақ.
Соңғы жаңалықтар
Референдум