Қазіргі уақытта тек бел жазбай еңбек еткен адам ғана жеңісті, табысты боларына күмән жоқ - Сенат спикері Қ. Мәми

АСТАНА.  27 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласы қоғамда үлкен позитивтік жаңғырық туғызды.
None
None

Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми өзінің интернеттегі жеке-парақшасында осылай жазады.

Сенат спикерінің айтуынша, тәуелсіздік жылдарында біздің мемлекетімізде әлеуметтік қоғамның берік іргетасы қаланды. Атап айтқанда, қазақстандықтардың әл-ауқаты деңгейінің өсуі, тұрмыс жағдайының жақсаруы осыған басты дәлелдердің бірі.  

«Бірақ әлемдегі жағдай оңай қалыптасып отырған жоқ. Батыс  мемлекеттерінде қалыптасып отырған ахуал бұл елдердің әлеуметтік саясатындағы кемшіліктерді анық көрсетіп берді.  Өзінің мақаласында Мемлекет басшысы балама ретінде Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясын ұсынып отыр. Мемлекетте әлеуметтік жаңғыртылу үрдісін тереңдетуге, өнімді еңбекті арттыруға бағытталған нақты міндеттерді анықтады. Белгіленген міндеттер шеңберінде Парламентке ерекше көңіл бөлінген. Әсіресе, жоғарғы заң шығарушы органға Үкімет пен «Нұр Отан» партиясымен бірігіп әлеуметтік саладағы ұлттық заңдарға түгендеу жүргізу және әлеу­мет­тік жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны реформалау Тұжырымдама жобасын енгізу тапсырмалары берілді.   Сонымен қатар, бесінші шақырылған Парламенттің  бүкіл жұмыс кезеңіндегі заң шығарушылық жұ­мысының  Тұжырымдамалық Жоспарының жобасын әзірлеу тапсырмасы берілді.  Алдымызда үлкен жұмыс бар. Таяуда өтетін сессиялар кезінде қажетті заңдық актілер қаралады, әлеуметтік заңнама жаңартылады. Еңбек қоғамының қалыптасуына әрбір қазақстандық өз үлесін қосатынына сенімдімін. Қазіргі уақытта бел жазбай тек еңбек еткен адам ғана жеңісті, табысты боларына күмән жоқ», - деп жазады спикер Қайрат Мәми.

Соңғы жаңалықтар