Қазіргі заманғы банк ақпараттық технологияларға өте тәуелді - Қазақстан халық банкінің аға менеджері

АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Банк қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ақпараттық қауіпсіздіктің үлесі өсуде. Бұл туралы бүгін Алматыда  «Қазақстан Республикасындағы несиелік және қаржылық ұйымдардағы ақпараттық  қауіпсіздік» деген тақырыппен өтіп жатқан ІІ Банкаралық форумда айтылды
None
None

«Менің ойымша, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мәселелер бірнешеу. Бірінші - тәртіптіліктің болмауы. Оған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттау мен салалық стандарттар жасауды мысалға келтіруге болады. Екіншісі, бизнеспен арадағы өзара қарым-қатынасының күрделілігі. Бұл ақпаратық қауіпсіздіктің күрделі аралас техникалық, технологиялық, инженерлік, сандық, құқықтық аспектілеріндегі кәсіби емес мамандарға байланысты. Үшіншісі, тәуекелдерді бағалау. Тәуекекел менеджментінде ақпараттық қауіпсіздік мамандары сирек кездеседі. Төртіншісі, мамандардың жеткіліксіздігі, бесіншісі, метриктің жоқтығы», - дейді Қазақстан халық банкінің Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының аға менеджері Артём Туленов. Оның айтуынша, қазіргі заманғы банкте ақпараттық қауіпсіздік тек техникалық, аппараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі техникалық құралдар, вирусқа қарсы құралдар мен қорғану кешені ғана емес. Банк қызметі үдерісін  автоматтандырудың тиімділігі ондағы қауіпсіздікті ұйымдастырудың орнықтылығына да байланысты.

Соңғы жаңалықтар