14:27, 16 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазіргідей күрделі уақытта мемлекет студенттерге көмек көрсетті, енді жоғары оқу орындары іске кірісуі керек ?Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Б.Мамраев
ӨСКЕМЕН. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Вита Викторова/ – Дағдарысты жеңу – болашақты құру деген сөз.
Бұл ой Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауында кеңінен көрініс тапқан. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіт Мамраев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ? Уайымдау мен үрейленуге ешқандай негіз жоқ, біздің еліміз экономикасының қажетті берік қоры бар, қазіргідей күрделі уақытта мемлекет студенттерге көмек көрсетті: қосымша 11 мың грант пен 40 мың несие бөлінді. Енді жоғары оқу орындары іске кірісуі керек. Дағдарысты жеңудегі жоғары оқу орындарының негізгі үлесі осыған негізделген, деп санайды Бейбіт Мамраев. Оның пайымдауынша, институттар мен университеттер мамандарды қайта даярлауға өздерінің үлестерін қоса алады, оның маңыздылығы туралы Президент өзінің Жолдауында атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар, осы құрылым үшін жинақталған тәжірибе де жеткілікті. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ұзақ жылдар бойы мұғалімдерден бастап және банкирлер мен мемлекеттік қызметшілерге дейін кадрларды қайта даярлаумен айналысып келеді. Қазіргі уақытта университеттің кадрлардың біліктіліктілігін арттыру институты жанынан біліктіліктерді жоғарылату бойынша қосымша курстарды әзірлеу жүргізілуде.