13:16, 20 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Қазком басшылығында өзгерістер болды
АЛМАТЫ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Серік Аханов Қазкоммерцбанктің директорлар кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Бұндай шешімді бүгін банктің директорлар кеңесі қабылдаған. 12 қыркүйек күні С.Аханов Қазкоммерцбанктің директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз мүшесі болып сайланған еді.
Серік Аханов 1951 жылы дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, мемлекеттік қызмет және қаржы саласында тәжірибелі мамандардың бірі. Бұған дейін Президенті Әкімшілігінде, ҚР Үкіметінде, Қаржы министрлігінде, Ұлттық банк пен бірқатар банктерде лауазымды қызметтер атқарған. 2004 жылдан Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы.