Қазкоммерцбанк биыл өз табысын өткен жылғы деңгейде ұстап тұруды жоспарлап отыр

АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазкоммерцбанк биыл өз табысын өткен жылғы деңгейде ұстап тұруды жоспарлап отыр.
None
None
Оны банктің атқарушы директоры Сергей Мокроусов кеше Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.С. Мокроусовтың айтуынша, үстіміздегі жылы мамырдың 20-сы күні ірі акционерлермен және инвесторлармен өткен телефон конференциясында Қазкоммерцбанк басшылығы 2009 жылғы жоспарын талқылаған. Онда биыл өз табыстарын 2008 жылдың дәрежесінде ұстап тұру мәселесі көтерілді. Сондай-ақ банк сыртқы қарыздарды қайта құрылымдау және өз акцияларын қайтып сатып алуды жоспарлап отырған жоқ. «Былтыр банктың таза пайдасы 65 пайызға төмендеп, 2007 жылғы 57,8 миллиард теңгеден 20 миллиард теңгеге дейін азайған болатын. Оған дағдарыс салдарынан төлем қабілеттілігі нашарлаған банк клиенттерінің «нашар» қарыздарының қорын (резерв) жасақтауға жұмсалған 151 миллиард теңге көлеміндегі шығыны себеп болды. Сондай-ақ аталмыш мекеме тексеруді екі есе ұлғайтты. Оған жұмсалған қаражат 2007 жылғы 140 миллиард теңгеден өткен жылы 289 миллиард теңгеге дейін (бұл несиелік қоржынның 11,9 пайызы) өсті. 2009 жылы банк несие сапасының нашарлауын және провизия өсімін күтуде», - дейді атқарушы директор Сергей Мокроусов.
Соңғы жаңалықтар