16:09, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
"Қазкоммерцбанк" Директорлар кеңесінің құрамында өзгеріс болды
АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында өзгеріс болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мамырдың 22-сі күні банкке Директорлар кеңесінің мүшесі Джон Филмеридис жеке басының себептерімен өз еркімен қызметінен кететінін хабарлаған. Ол 2008 жылы желтоқсанның 3-інде аталмыш қаржы институтының кезектен тыс акционерлер жиналысында ірі акционер - «Alnair Capital Holding» АҚ («Альнаир») компанияның өкілі ретінде сайланған болатын. Енді «Альнаир» компаниясы Д.Филмеридистің орнына өзге уәкілін ұсынады деп жоспарланып отыр. Ол Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. «Бізге Директорлар кеңесінде Филмеридис мырзамен жұмыс істеу ұнайтын. Біз оған болашақта тек сәттілік тілейміз», - дейді «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Сұбханбердин.