18:14, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
Қазкоммерцбанк J.P. Morgan мен UBS Investment Bank-ты ортамерзімдік келісімдерінің ұйымдастырушылары етіп тағайындады
АЛМАТЫ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Қазкоммерцбанк» АҚ АҚШ долларына номиналданған 144a/RegS шартындағы ортамерзімдік келісімдерінің ұйымдастырушыларын тағайындағаны туралы хабарлама таратты.

Бұл мәртебеге J.P. Morgan мен UBS Investment Bank ие болып отыр. Қазақстан ғана емес, Орталық Азиядағы жетекші коммерциялық бұл банкке бұған дейін Moody's агенттігі Ba3, S&P агенттігі B, Fitch, агенттігі B- рейтингін берген еді. Капитал нарығындағы қолайлы жағдайда банк бұл келісімдерден кейін Нью-Йорк, Бостон және АҚШ-тың батыс жағалауы мен Лондонда инвесторлармен кездесулер өткізбек. Бұл кездесулер сериясы 2 мамырда басталады деп жоспарлануда.