Қазкоммерцбанк теміртаулықтарға қала күні мерекесінде үлкен сый жасады

МАТЫ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Енді теміртаулықтар мен қала қонақтары уақытты күн сағатқа қарап анықтауға мүмкіндік алды. Бұл «Құс Жолы» қайырымдылық қоры мен Қазкоммерцбанк ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына және банктің құрылғанына 20 жыл толуына орай терімтаулықтарға тарту еткен күн сағаты композициясының арқасында жүзеге асты.
None
None

«Биыл қаламыздың қаланғанына 66 жыл толады. Біз Теміртау қаласы мен оның тұрғындарына ерекше, мәңгі есте қалатын сый жасауға тырыстық. Күн сағаты туралы идея біздің көңілімізден шықты, өйткені Қазақстанның өзге қалаларында бұндай жоба жоқ», - дейді Қазкоммерцбанктің Теміртау филиалының директоры Мейрам Сабыров.

Теміртау қаласының. әкімі Нұркен Сұлтановтың сөзіне қарағанда, «Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қорымен серіктестік туралы меморандум жасалған. Бүгінгі күні олар серіктестіктің нәтижелерін көріп отыр. Енді алдағы уақытта бұл игілікті істен өзге компаниялар үлгі алып, Теміртау қаласының өміріне белсенді атсалысатынына сенімді.

«Уақытты өлшеуге арналған көне аспаптардың бірі - күн сағатын тапсыру рәсімі Қала күніне орайластырылды. Сағат композициясы диаметрі 4 метрді құрайтын гранитті циферблаттан, сондай-ақ плиткамен қоршалған және периметр бойынша отырғызылған ландшафты гүлзардан тұрады. Жоба бюджеті - 1,7 миллион теңгеге жуық», - дейді Қазкоммерцбанктің баспасөз қызметінің бас маманы Гүлмира Мұқсинова. Оның айтуынша, табиғи тастан жасалған күн сағаты - «Құс Жолы» қайырымдылық қоры мен Қазкоммерцбанктің жүзеге асырып жатқан «20 игі шара» атты республикалық қайырымдылық акциясының аясында жүзе асып отыр. Бұған дейін мұндай сый Қызылжар, Семей, Сәтбаев, Өскемен, Балқаш, Тараз, Степногорск, Жезқазған және Орал қалаларына жасалған болатын. Бұл акцияны ұйымдастырушылар ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына және банктің 20 жасқа толуына орай республика бойынша жалпы 20 қалаға өз сыйлықтарын тапсыруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар