19:46, 12 Қараша 2012 | GMT +5
Қазкоммерцбанкте күмәнді және үмітсіз активтерді басқаратын еншілес ұйымдар құрылады
АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат - «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Директорлар кеңесі күмәнді және сенімсіз активтерді басқару үшін 2 еншілес ұйым құру туралы шешім шығарды.
Қаржы институтының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «КУСА ККБ-1» және «КУСА ККБ-2» ЖШС-терін құру туралы бұл шешім 8 қарашада қабылданған. Оның алғашқысы негізгі өнеркәсіп активтерін басқарса, екіншісі салынып жатқан тұрғын-үй мүліктерінің құрылысын аяқтаумен айналыспақ. Оларға активтерді беру шаралары еншілес ұйымдарды тіркеумен байланысты заңдық процедуралар аяқталған соң жүзеге асырылатын болады.