«Қазқұтқару-2009» құтқарушы бөлімшелерінің халықаралық жиын-семинарының қорытындысы шығарылды

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат – ҚР ТЖМ Алматы облысындағы полигонында 2009 жылғы маусымның 3-інде «Қазқұтқару-2009» құтқарушы бөлімшелерінің XIV халықаралық жиын-семинарының салтанатты жабылуы болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Он күн бойы қазақстандық 23 команда, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан ТЖМ 7 іздеу-құтқару жасағы командасы «Үздік құтқарушы бөлімше» атағын өзара сарапқа салды. Жақын және алыс шет елдердің 300-ден астам кәсіби құтқарушылары Қазақстанның таулы-жазықты жағдайында апаттық-құтқару және басқа да күттірмейтін шараларды жүргізу кезіндегі толық тәжірибелік курстан өтті. Қатысушы командалар жарыс кезеңінде өздерінің үздік дайындықтарын байқатты, табиғи немесе басқа да апаттық жағдай қалыптасқанда адамдарды және мүлікті құтқару мақсатында олар шапшаң және шешімді іс-қимыл жасауға әзір екендіктерін көрсетті. АҚШ Аризона штаты Ұлттық гвардиясының, Ресейдің және Қырғызстанның төтенше жағдайдан халықты және аймақты құтқаруға жауапты ұйымдары мен министрліктерінің өкілдері аталған жиынға бақылаушы ретінде қатысты.Он кезеңнен тұратын халықаралық көпсайыстың шиеленіскен жарысы қорытындысы бойынша Алматы қалалық республикалық шұғыл-құтқару жасағы (жасақ жетекшісі А.Көпжанов) бірінші орынға шықты. Екінші орынды РФ шұғыл әрекет ететін Түмен облысы жедел-құтқару командасы (жасақ бастығының орынбасары С.Федюшин) иеленді. Үшінші орынға Қырғызстан құтқарушылары (жетекшісі Н.Қыдырәлиев) шықты.Жарыстың жеңімпаз командаларына, жекелей есептегі жеңімпаздарға кубоктар, естелік сыйлықтар, алғысхаттар мен ҚР ТЖМ Құрмет грамоталары табыс етілді.
Соңғы жаңалықтар