«Қазмортрансфлот» танкерінің тоқтап қалуына байланысты Бакуге 70 мың тонна мұнай жеткізілмей отыр

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Қазақстандық танкердің портта тұрып қалуына байланысты «Қазмортрансфлот» компаниясы Бакуге 70 мың тонна мұнай жеткізі алмай отыр, делінген «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниясының ресми сайтында жарияланған ақпаратта.
None
None

«Қазір әзірбайжандық билікпен келіссөздер жүріп жатыр, және де біздің кеменің неліктен теңізге шыға алмай тұрғандығы әлі белгісіз», - деп хабарлаған компания басшылығы.

Қазақстанның «Астана» танкері Баку портында бір айдан бері тұр. Кемедегі 14 экипаж мүшелерінің барлығы Ресей азаматтары, олар тамақ және киіммен қамтамасыз етілген, қалаға шығуға мүмкіндіктері бар.

Соңғы жаңалықтар