«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның 2012 жылға арналған бюджеті 126,5 млрд. теңгені құрайды

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның 2012 жылға арналған бюджеті 126,5 млрд. теңгені құрайды.
None
None

Бұл туралы компанияның 2012 жылы бюджет жоспарына арналған хабарламасында айтылған.

«ҚР Үкіметі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның ресми болжамына сәйкес, Brent маркалы мұнайдың барреліне 80 АҚШ доллары бағасын ескере отырып жасалған ҚМГ БӨ-нің 2012 жылға арналған бюджеті 126,5 млрд. теңге (852 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі күрделі салымдарды қамтиды. Бұл 2011 жылдағы осы мақсатқа жұмсаған шығыннан 19 пайызға көп. Күрделі салымдардың артуы негізінен геологиялық барлау жұмыстары шығындарының артуына және қосымша сервистік кәсіпорындарды құру шығындарының ұлғаюына байланысты, оның мақсаты төменде баяндалады. Компания Федоровский блогында геологиялық барлау жұмыстарын жалғастыруға 64 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр. Компания аталған блоктың 50 пайыз үлесіне ие, есеп шоғырландырудың үлестік әдісі негізінде жүргізіледі», - делінген хабарламада.

2012 жылы негізгі активтерде жоспарланған өндіру көлемі 8 615 мың тоннаны (тәулігіне 174 мың баррель) құрайды, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» ӨФ + 5 800 мың тонна, «Ембімұнайгаз» ӨФ - 2 815 мың тонна. Бұл 2011 жылы өндірілген 7 900 мың тоннадан (тәулігіне 159 мың баррель) 9 пайызға көп. Осы көлемнен 2 100 мың тонна Атырау МӨ-де одан әрі өңдеу үшін ішкі нарыққа жөнелтіледі деп күтілуде. Ішкі нарыққа жеткізу бағасы тоннасына 34,0 мың теңге болады деп жоспарлануда. Бұл 2011 жылдағы тоннасына 27,3 мың теңге мөлшеріндегі жеткізу бағасынан 25 пайызға қымбат.

ҚГМ, CCEL, ПҚИ өндіру көлемдеріндегі ҚМГ БӨ-нің жоспарланған үлесі 2012 жылы 4 441 мың тоннаны (тәулігіне 91 мың баррель) құрайды. Осылайша, ҚМГ БӨ шоғырландырылған өндіру көлемі ҚГМ, CCEL, ПҚИ өндіру көлемдеріндегі үлесті есепке алғанда, 2012 жылы 13 056 мың тонна (тәулігіне 265 мың баррель) деңгейінде болады деп жоспарлануда. Бұл 2011 жылдағыдан 715 мың тоннаға немесе 6 пайызға артық.

2011 жылдың соңында мемлекеттік органдар тарапынан компанияға Маңғыстау облысындағы әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмыстар атқаруды тапсырды. Компанияның Директорлар кеңесі мемлекеттік органдардың пікірін бөлісе отырып, жалпы жұмыскерлердің штаттық саны 2000-нан асатын, ҚМГ БӨ-ге және Маңғыстау облысындағы басқа да компаниялардың сервистік қызмет көрсететін екі бірдей көліктік және бұрғылау кәсіпорнын құру туралы шешім қабылдады.

Алдын-ала есептеулерге қарағанда, мұндай шаралар операциялық шығындарды 12,3 млрд. теңгеге (83 млн. АҚШ доллары), ал күрделі салымдарды 8,3 млрд. теңгеге (56 млн. АҚШ доллары) ұлғайтуы мүмкін. Аталған шығындар 2012 жылдың бюджетіне қосылды және үшінші тараптарға қызмет көрсетуден түсетін қосымша кіріспен ішінара өтелуі мүмкін. Директорлар кеңесі акционерлердің мүддесі тиісті деңгейде назарға алынуы үшін Үкіметпен және Самұрық-Қазына қорымен кеңесулер жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар