19:14, 28 Желтоқсан 2017 | GMT +5
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-де кадрлық өзгерістер болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төлеміс Шотанов «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС коммерциялық мәселелер бойынша бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

39 жастағы Шотанов Төлеміс Садықұлы әр жылдарда Актөбедегі жоғары оқу орындарында сабақ беріп, «Гелиос» ЖШС филиалының директоры, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС қор және логистика бойынша басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.