«ҚазМұнайГаз» «Салалық кәсіби стандартты әзірлеу» жобасын ұсынды

Конференцияның жұмысына Қазақстан және жақын әрі алыс шетелдердегі адам ресурстарын басқару саласындағы жетекші мамандар мен сарапшылар қатысуда.
Әдеттегідей осы конференция аясында HR-құралдарының көрмесі ұйымдастырылды, сонымен қатар 7 номинация бойынша Қазақстан Республикасының үздік жұмыс берушілерін анықтайтын «Cенiм - 2011» байқауының қорытындысы шығарылады
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Үздік HR-жоба» байқауына қатысу үшін «Салалық кәсіби стандартты әзірлеу» жобасын ұсынды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда «Жұмыстардың және жұмысшы мамандықтарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы» (БТБА) және «Басшылар, мамандар және қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы» (БА) қолданылатындығы белгілі. Осы құжаттар бизнестің еңбек нарығымен байланысын тиісті деңгейде қамтамасыз ете алмайды және қызметкерлерді кәсіби даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды тиісті деңгейде жүзеге асыруға, персоналды сертификаттауға және аттестациялауға толық мүмкіндік бермейді. Сарапшылар, сондай-ақ кәсіптер/лауазымдар арасында мансаптық өсуді, кадр резерві мен персоналдың тиімді ауысуын жоспарлау үшін қажетті иерархиялық өзара байланыстың жоқ екендігін атап өтті.
Осыған байланысты «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы Заңы мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ұлттық біліктілік жүйесін – кәсіби стандартарды қалыптастыру үшін негіздер енгізу мақсатында «Ұлттық біліктілік жүйесі» деген 10-1-тарау енгізілді.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстандағы өндірістік компаниялардың арасында ең бірінші болып ең үздік шетелдік тәжірибе (кәсіби стандарттар) мен қолданыстағы біліктілік анықтамалықтарын (БА мен БТБА) шоғырландыруды көздейтін салалық кәсіби стандартты әзірлеу туралы ұсыныс жасады. Қазіргі уақытта біздер мұнай-газ саласының барлық негізгі бағыттары бойынша дерлік, атап айтқанда барлау мен өндіруден бастап, мұнай өнімдері мен газды өңдеу мен сатуға дейінгі бағыттар бойынша кәсіби стандарттар жобасын әзірледік», - деп атап көрсетті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Шолпан Ержігітова.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның кәсіби стандарттарын әзірлеу әдісін Еуроодақ сарапшылары инновациялық және бұрынғы әдістемелерге қарағанда бүкіл саланың жағдайын жан-жақты бақылап отыруға мүмкіндік береді деп бағалады. Мұнай-газ саласы: барлау, бұрғылау, өндіру, тасымалдау, өңдеу және өткізу деп аталатын шағын салаларға бөлінеді, осылардың әрқайсысының мұнай-газ саласының негізгі мамандықтары жинақталған жекелеген өз жұмыс түрлері бар. Осылайша сала мен шағын салаларды, жұмыс түрлерін, мамандықтарды байланыстыруға мүмкіндік туды. Нәтижесінде төменгі білікті жұмысшыдан бастап топ-менеджерге (ұйымның басшысы) дейінгі бірімен бірі тығыз байланысты негізгі мамандықтар жинақталды.
Кәсіби салалық стандартты енгізу бизнесті ескере отырып адам ресурстарын сапалы басқарып қана қоймай (бағалау, оқыту, үйрету және дамыту, мансаптық өсу, еңбекақысын төлеу, кадрлық резерв), еңбек рыногындағы жағдайды жақсарту (шетелден жұмыс күштерін әкелуді, жергілікті кадрларды дайындауды реттеу және тағы басқалар).
Осылайша кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі кең көлемді инновациялық жобаны жүзеге асыру тек мұнай-газ саласында ғана емес басқа салаларда да қызмет нәтижелілігін арттыруға әсер етеді, демек, осының бәрі бүкіл еліміздің экономикасын арттыруға ықпал етеді деген сөз.