«ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ Қазақстанда жанармай құю стансылары желілерін 700-ге дейін жеткізбек

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту 2014 жылы аяқталады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ-ның бас директоры Данияр Берлібаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі нарықта жанар-жағармай бойынша біздің үлес қазіргі кезде 21 пайыз шамасында. Жанармай құю стансылары желісі арқылы біздің үлесті арттыру мақсаты белгіленіп отыр»,-деді ол.

Бас директордың сөзіне қарағанда, бағдарлама аясында жанармай құю стансылары желілерін Қазақстанда 270-тен 700-ге дейін жеткізу көзделіп отыр.

«Осы арқылы біздің сауда көлемі артатын болады»,-деді ол.

Сондай-ақ Д. Берлібаев мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын, бағдарлама бойынша оған 4 миллиард АҚШ долларын бағытталатынын және бұл бастама 2014 жылы аяқталатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар