«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс Күнімен құттықтады

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Жеңіс Күні мерекесі қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған салтанатты шара өткізді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
None
None

Қалыптасқан дәстүр бойынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ғимаратында Астана қаласында тұратын 100 соғыс және еңбек ардагеріне арналған мерекелік түскі қонағасы беріліп, концерт қойылды. Ұрпақтар жалғастығын үзбеу мақсатында кездесуге генерал С.К. Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері де шақырылды.

Әскери тақырыптағы музыкалық-поэтикалық сахналауды М.Горький атындағы орыс драма театры мен мемлекеттік филармонияның артистері орындап берді. Сонымен қатар ардагерлер үшін Астана қаласының балалар би ұжымы және жас әншілер арнайы бағдарлама дайындады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдин соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтап, оларға қан майдан мен еңбектегі теңдесі жоқ ерліктері үшін шын жүректен алғысын білдірді.

- 9 Мамыр біздің көпұлтты елімізде нағыз патриотизмнің, батырлық пен ерліктің мерекесі ретінде қала бермек. Бұл біздің ардагерлерімізге деген құрмет және бейбітшілік пен келісімді сақтай білу мақсатында келешек ұрпаққа арналған тілегіміз болмақ, - деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының төрағасы

- «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылығына барлық ардагерлердің атынан алғысымды білдіремін. Біз мұнайшылардың қамқорлығын тек Жеңіс Күні қарсаңында ғана емес, үнемі сезініп отырамыз, - деді «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» ҚБ Астана қаласы филиалы төрағасының орынбасары Қайролла Жармұқанов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ардагерлерге, мүгедектерге, мұнай-газ саласының қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуде қомақты тәжірибе жинақтаған. Компания «ҚР ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігімен және оның Астанадағы қалалық филиалымен, «Көмек» ардагерлер кеңесімен, Н.Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қорымен және басқа да ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан.

Осы ынтымақтастық аясында соғыс ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсету, пәтерлерді жөндеу бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ ардагерлер ұйымының күнделікті қызметін қолдау мақсатында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 2010 жылы 27 миллион теңгеден астам қаржы аударды.

2011 жылдың басынан бастап осы мақсаттарға, сонымен қатар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесін атап өту шараларын өткізуге және де басқа қайырымдылық шараларына арналып 27 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ мереке қарсаңында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз Қайта өңдеу және маркетинг» АҚ өндірістік бөлімшелерінде, ҚМГ-нің және де басқа еншілес ұйымдарында ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар