«Қазмырыш» Жәйрем жұмысшылар кентінің әлеуметтік дамуына 1,2 млрд теңгеден астам қаржы құяды
Қазақстан Республикасы Президентін толғандырып отырған елдің бағдарламалық құжаттарындағы негізгі мәселелерді шешу үшін компания Қарағанды облысы Жәйрем кентіндегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жалпы көлемі 1 265 076 000 (бір миллиард екі жүз алпыс бес миллион жетпіс алты мың) теңге бөлді және бұл міндеттемелерді меморандумда бекітті.
Шаралар кешені кенттің көпжылдық мәселесін шешуге мүмкіндік берді - тұрғындар үздіксіз берілетін су мен жылуға қол жеткізді. Медициналық орталыққа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті құралдармен жабдықталды. Кентте 2 саябақ абаттандырылып, оларға балалардың ойын кешені орнатылды.
«Алдағы жоспарларға келсек» -, деді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне «Қазмырыш» ЖШС әлеуметтік мәселелер бойынша атқарушы директоры Андрей Лазарев, 2016 жылы «Қазмырыш» өз қарамағына алған барлық нысандарды қаржыландыруды жалғастырды, әлі де жалғасады. Жаңа меморандумда бұрынғы жоспарларға медициналық, балалар, мәдени мекемелерге қатысты ауқымды жобалар қосылды.
Мәселен, орта білім беретін екі мектеп пен балабақшаны жөндеуге және абаттандыруға, «Горняк» мәдениет үйін жөндеу мен жабдықтауға ақша бөлінді. Жәйрем ауруханасы мекемені жаңартуға, құр-жабдықтарын ауыстыруға және дәрігерлер жалақысын көтеруге қаржыландыру алады. «Еуразия» медициналық орталығына да қаржы бөлінеді.
Компания бөлген қаражат есебінен және компанияның тікелей қатысуымен Жәйрем кентінде жаңа мешіт құрылысы басталады және 2019 жылға дейін пайдалануға беріледі.