«Қазмырыш» ЖШС Елбасы тапсырмасын тыңғылықты орындады

СКЕМЕН. Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарында жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өскеменде бүгін ашылған «Қазмырыш» ЖШС-ның «Балапан» мектепке дейінгі балалар орталығында жасалған жағдайларды жоғары бағалады.
None
None

Мемлекет басшысы «Қазмырыш» президенті Ник Поповичке балалардың оқуы және тәрбиеленуі үшін тамаша жағдайлар жасағаны үшін алғысын білдірді. Мемлекет басшысы жастайынан осындай жайлы жағдайда тәрбиеленген балалар болашақта міндетті түрде жоғары табыстарға жететінін атап өтті.

«Мұнда үш тілде тәлім алған олардың болашағы кемел болады», - деді Н.Назарбаев.

Мектепке дейінгі балалар орталығында Елбасын қарсы ала отырып, «Қазмырыш» басшысы Ник Попович Нұрсұлтан Әбішұлының балаларға жайлы балабақша салу тапсырмасын тыңғылықты орындауға тырысқанын атап өтті. «Біз заманауи талаптарға жауап бере алатын ғиамаратты сала отырып, сейсмикалық жағынан берік болуын да ескердік. Неғұрлым жайлы болуы үшін мұнда бассейн, жылытылатын еден және қысқы бақ көзделген. Біз мебельмен, тұрмыстық техникамен, ойыншықтармен және жоғары сапалы құрал-жабдықтармен жарақтадық», - деді Ник Попович ел Президентіне жаңа ғимараттың жай-жапсарын баяндай отырып.

Н.Назарбаев балаларды оқыту жағдайымен мұқият танысты, балалар орталығының барлық залдарын және бөлмелерін аралап шықты және балаларға, олардың ата-аналарына құтты болсын айтып, денсаулық және табыс тіледі.

Жобаның алғашқы құны 340 млн. теңге болған, құрылыс барысында оған қажетті барлық жағдайлар жасау үшін тағы 1 миллиард теңгеден астам қаржы қосымша жұмсалғанын атап өту қажет.

Соңғы жаңалықтар