10:41, 17 Тамыз 2010 | GMT +5
«Kaznex Invest» АҚ елдің шығысында кәсіпкерлерге арналған семинар өткізуде
ӨСКЕМЕН. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде «Kaznex Invest» экспорт пен инвестиция жөніндегі Ұлттық Агенттік» АҚ Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірге аймақтағы кәсіпкерлер үшін семинар-мәслихат өткізуде.

Бизнес-форумның күн тәртібінде екі мәселе, шикізаттық емес қазақстандық өнімнің экспортталуына көмектесу және Қазақстан экономикасының шикізаттық емес саласына тікелей шетелдік инвестиция тарту мәселесі қаралады.
Семинар жұмысына аймақтағы кәсіпкерлер, Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы, Қайта құрастыру мен дамудың Еуропалық банк өкілдері, Орталық Азиядағы Герман экономикасы өкілдігі мен «Метро Cash&Carry» компаниясының сарапшылары қатысады.
Ертең осындай семинар Семей қаласында өтеді.