«Қазпошта» АҚ қызметкері 2,8 млн. теңгені жымқырған - Ақмола облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Шортанды аудандық соты «Қазпошта» АҚ пошта желісі филиалының қалалық бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс қарады.
None
None

Сот анықтағандай, азаматша Г. өзінің қызметтік бабын пайдаланып, өзіне сенiп тапсырылған жалпы сомасы 2 794 996 теңге мөлшерде қаражатты жымқырған.

Сот үкімімен азаматша Г. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен көзделген жасалған қылмысы үшін кінәлі деп танылып, оған 6 (жыл) бас бостандығынан айыру, барлық мүлкін тәркілеп, материалдық құндылықпен байланысты белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 3 (үш) жылға айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар