«Қазпошта» АҚ-нан 219 млн. теңгеден астам қаржыны ұрлаған қылмыстық топтың мүшелері сотталды
«Ағымдағы жылғы тамыздың 31-де Атбасар аудандық пошта басқармасында, сонымен бірге «Альянс банкі» АҚ-да жұмыс істей жүріп ұйымдасқан қылмыстық топ құрған және «Қазпошта» АҚ-нан 219 млн. теңгеден астам қаржыны ұрлаған Р. Исеновке қатысты қылмыстық істі сотта қарау аяқталды. Р. Исенов мүлкі тәркілене отырып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың қалған алты мүшесі 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды», деді ресми өкіл.
Ж. Өмірәлиев сонымен қатар тамыздың 17-де Петропавл қаласы әкімінің «Жылжымайтын мүлікті түгендеу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы директоры В.Шольға қатысты айыптау үкімі шығарылғанны атап өтті. «Ол 2007 - 2009 жылдар аралығында бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасай отырып, мемлекетке 7 млн. теңге зиян келтірген», деді ол.