«Қазпошта» Алматыда кезекті жаңа бөлімшесін ашты

АЛМАТЫ. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Қазпошта» АҚ-ның қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған № 50 бөлімшесі ашылды.
None
None

«Қазпошта алдағы уақытта жұртшылықтың талап-тілектерін ескере отырып, қызмет көрсету жүйесін халыққа барынша тиімді етіп, өз бөлімшелерін  түгел ретке келтіреді. Өйткені мемлекеттің әлеуметік-экономикалық даму деңгейіне  байланысты жыл сайын жаңа қызмет түрлері қолданысқа енуде. Сондықтан  келесі жылы да біз өзге бөлімшілерді дәл осындай озық құрал-жабдықтармен  жабдықтауға арнайы қаржы бөлмекпіз», - дейді компанияның әкімшілік басқарма бастығы Нұрдәулет Қабылов.

Оның айтуынша, Қазпошта 2020 жылға дейін интернет, сымсыз, ақпараттық-коммуникациялық және мобильді технологиялардың ықпалын ескере отырып пошта және қаржылық қызмет көлемін ұлғайтудың барлық шараларын жүзеге асырады.

Жетісу ауданындағы бұл бөлімше жалпы  6 мың адамға қызмет көрсетеді. Олардың 1500-і зейнеткерлер. Онда коммуналдық төлемдерді қабылдау, несиені өтеу, ақша аударымдарын қабылдау және төлеу, зейнетақы жеткізу сияқты қаржылық қызметтер мен жай және тапсырыстық хаттарды, сәлемдемелерді, бандеролдарды қабылдау, мерзімді басылымдарға жазылу, EMS жедел курьерлік  сияқты пошталық қызметтер көрсетіледі. 

Соңғы жаңалықтар