16:22, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Қазпошта Батыс Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге арналған көмек шотын ашты
АЛМАТЫ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Қазпошта»АҚ-ы Батыс Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған есеп - шот ашты. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазпошта» ұжымы Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына облыс аумағындағы су тасқынына байланысты өз көңілін білдіреді. Бұл оқиғаға бірде-бір қазақстандық бей-жай қарамауы тиіс. Сондықтан «Қазпошта» АҚ басқарманың шешімімен Батыс Қазақстан облыстық филиалында көмек көрсетуге арналған арнайы есеп-шот ашты», - делінген хабарламада.
Бүгіннен бастап аталған шотқа Қазақстанның кез-келген аймағынан көмек ақшаны тегін аударуға болады. Бенефициар «Батыс Қазақстан облыстық апаттар мен авариялардың алдын-алу және тоқтату, азаматтық қорғаныс, жедел дайындық жөніндегі басқармасы ММ»
РНН 270 100 226 038
Банк бенефициара: «ҚР Қаржы министрлігінің қазнашылық комитеті, Астана қаласы» ММ
ИИК КZ520704022502001001
Банк БИК ККМFKZ2A
Код ГУ 2502001
Кбе 12