«Қазпошта» бөлімшелерінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» клиенттеріне келісім жасауға және есепшот ашуға мүмкіндік жасалды

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - «Қазпошта» бөлімшелерінде «Қазақстанның Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің» клиенттеріне келісім жасауға және есепшот ашуға мүмкіндік берілді, деп хабарлайды ТҚЖБ баспасөз қызметі.
None
None

Сәуірдің 1-інен бастап екі компанияның өзара әріптестігі аясында пошта жүйесі қызметкерлеріне тұрғын үй құрылысы жинақ қорлары туралы келісім жасасуға, ТЖҚБ атынан клиенттеріне есепшоттар ашуға, жинақталған ақшасының көлемін, салымы бойынша сыйақысын, мемлекет сыйлығын есептеуге және тұрғын үй құрылысы жинақ қорлары туралы нақты кезеңде келісім жасасуға мүмкіндік беретін арнайы модульді бағдарлама іске қосылды. Сонымен бірге «Қазпошта» бөлімшелері арқылы жасалатын келісімдерге барлық артықшылықтар ықпалы жүреді. Аталмыш жаңалық республика аумағында тұрғын үй құрылысы жинақ қорларының жүйесі бойынша келісім жасасуға тұрғындарға мейлінше ыңғайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Мұндай ынтымақтастық жүйесі тек ірі қалаларда ғана емес, алыс аудан орталықтарында да құжаттар толтыруды әлдеқайда оңайлатады және уақыттты үнемдейді.

Бүгінгі күнге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» тұрғын үй заемдары бойынша ең төменгі пайыздық ақы ұсынады, олар таңдалған тарифтік бағдарламаға сәйкес жылына 3,5%-дан 5%-ға дейінгі көлемді құрайды (жылдық тиімді сыйақы - 3,6%-дан 5,3%-ға дейін), делінген ақпаратта.

Салым мен тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің өзгеріссіз екенін атап айту қажет, яғни пайыздық ақылар жинақтау және несиелеудің бүкіл мерзімі кезеңінде өзгертілмейді.

Соңғы жаңалықтар